Бұл мақалада қалдықсыз технологиялар жағдайында сүт өңдеу өнеркәсібіндегі сыр дайындау технологиясы қарастырылды. Зерттеу нәтижелері сарысу мен пахтаның қайта өңдеу деңгейін арттыру арқылы экологиялық және экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететінін көрсетті. Мембраналық фильтрация және биогаз өндірісі әдістері сүт өндірісіндегі қалдықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қалдықсыз технологияларды енгізу сүт өнімдерінің сапасын жақсартып, өндіріс шығындарын азайтады. Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде мұндай технологияларды кеңінен қолдану болашақта экологиялық тұрақтылық пен экономикалық дамуға үлес қосады.
2025-05-16